https://sputnik.kz/20250710/qurgagan-aral-tenizinde-ornalasqan-tuqymbaqta-15-mln-dana-koshet-osiriledi-55529972.html
Құрғаған Арал теңізінде орналасқан тұқымбақта 1,5 млн дана көшет өсіріледі
Құрғаған Арал теңізінде орналасқан тұқымбақта 1,5 млн дана көшет өсіріледі
Sputnik Қазақстан
Тұқымбақ аридтік (құрғақ) жағдайларға жақсы бейімделген көшет материалын өсіруге және тасымалдау шығындарын азайтуға мүмкіндік береді 10.07.2025, Sputnik Қазақстан
2025-07-10T11:38+0500
2025-07-10T11:38+0500
2025-07-10T11:48+0500
арал теңізі
министрлік
https://sputnik.kz/img/07e9/07/0a/55526743_1:0:1279:719_1920x0_80_0_0_6cd64c6dd7492fb22f3a7638bca58f2e.jpg
АСТАНА, 10 шілде – Sputnik. Қызылорда облысында жылдық қуаттылығы 3 млн көшет болатын орман тұқымбағының құрылысы аяқталды.Тұқымбақтың жалпы ауданы 33 гектарды құрайды, оның ішінде өндірістік алаңы 10 гектар. Бұл жерде сексеуіл тұқымдары себіліп, нәтижесінде Арал теңізінің құрғаған табанына отырғызу үшін 3 млн стандартты көшет алу жоспарланған.2023 жылы отырғызылған, жалпы көлемі 4 мың гектарды құрайтын екпелер қаралды. Қазіргі уақытта екпелердің жай күйі қанағаттанарлық деп бағаланады.Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Арал теңізінің құрғаған табанында орналасқан тұқымбақ құрылысының барысымен танысты. Қазіргі уақытта тұқымбақ суғару мақсатында ұңғымада бұрғылау жұмыстары жүргізілуде, қызметкерлерге арналған модульдік контейнерлер жеткізілді. Жұмыстар белгіленген мерзімге сай орындалып жатыр.Аталған тұқымбақ аридтік (құрғақ) жағдайларға жақсы бейімделген көшет материалын өсіруге және тасымалдау шығындарын азайтуға мүмкіндік береді. Тұқымбақтың жалпы ауданы 15 гектарды құрайды, ал өндірістік қуаттылығы жылына 1,5 млн дана көшет өсіруге жетеді.
https://sputnik.kz/20250113/aral-tenizinin-suy-42-protsentke-kobeydi--ministrlik-49920547.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/07/0a/55526743_161:0:1120:719_1920x0_80_0_0_c2ddb5e25ee5e3e6c72888e3e46b2097.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
арал теңізі, министрлік
Құрғаған Арал теңізінде орналасқан тұқымбақта 1,5 млн дана көшет өсіріледі
11:38 10.07.2025 (жаңартылды: 11:48 10.07.2025) Тұқымбақ аридтік (құрғақ) жағдайларға жақсы бейімделген көшет материалын өсіруге және тасымалдау шығындарын азайтуға мүмкіндік береді
АСТАНА, 10 шілде – Sputnik. Қызылорда облысында жылдық қуаттылығы 3 млн көшет болатын орман тұқымбағының құрылысы аяқталды.
Тұқымбақтың жалпы ауданы 33 гектарды құрайды, оның ішінде өндірістік алаңы 10 гектар. Бұл жерде сексеуіл тұқымдары себіліп, нәтижесінде Арал теңізінің құрғаған табанына отырғызу үшін 3 млн стандартты көшет алу жоспарланған.
2023 жылы отырғызылған, жалпы көлемі 4 мың гектарды құрайтын екпелер қаралды. Қазіргі уақытта екпелердің жай күйі қанағаттанарлық деп бағаланады.
Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Арал теңізінің құрғаған табанында орналасқан тұқымбақ құрылысының барысымен танысты. Қазіргі уақытта тұқымбақ суғару мақсатында ұңғымада бұрғылау жұмыстары жүргізілуде, қызметкерлерге арналған модульдік контейнерлер жеткізілді. Жұмыстар белгіленген мерзімге сай орындалып жатыр.
Аталған тұқымбақ аридтік (құрғақ) жағдайларға жақсы бейімделген көшет материалын өсіруге және тасымалдау шығындарын азайтуға мүмкіндік береді. Тұқымбақтың жалпы ауданы 15 гектарды құрайды, ал өндірістік қуаттылығы жылына 1,5 млн дана көшет өсіруге жетеді.