Жамбыл облысында балды заңсыз тасымалдаған Қырғызстан азаматы ұсталды

Ол өз елінен Ресейге Қазақстан аумағы арқылы транзитпен "DAF" маркалы жүк автокөлігімен бал өнімдерін тасымалдаған
Sputnik
АСТАНА, 21 қаңтар – Sputnik. Жамбыл облысында тиісті құжаттары жоқ бал өнімдері анықталды , деп хабарлайды ауыл шаруашылығы министрлігі.
Қордай ауданында орналасқан "Қарасу" ветеринариялық бақылау бекетінде ара шаруашылығы өнімдерін заңсыз транзиттік тасымалдаған адам ұсталды
Қырғыз Республикасының азаматы өз елінен Ресейге Қазақстан аумағы арқылы транзитпен "DAF" маркалы жүк автокөлігімен бал өнімдерін тасымалдаған. Тексеру барысында өнімнің қауіпсіздігі мен шығу тегін растайтын міндетті ветеринариялық құжаттардың болмағаны анықталды.

"Азаматқа Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" кодексінің 406-бабының 2-тармағына сәйкес әкімшілік айыппұл салынды. Тасымалданған ара шаруашылығы өнімдері кері қайтарылды", - дейді министрлікте.

Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті ветеринариялық қызметтің бақылауындағы жүктерді тасымалдауға тек белгіленген ветеринариялық ілеспе құжаттар болған жағдайда ғана рұқсат етіледі.
Шетел азаматы Қазақстан аумағына 2 мың қорап темекіні атпен заңсыз алып кірмек болған