"Көзге көрінетіндей нақты нәтижелер керек": Бектенов министрлер мен әкімдерге талап қойды

Ұлттық құрылтайдың кешегі отырысында Тоқаев елдің дамуына қатысты негізгі міндеттерді белгілеп берді
Sputnik
АСТАНА, 21 қаңтар – Sputnik. Премьер-министр Олжас Бектенов президенттің тапсырмалары бойынша министрлер кабинетіне нақты талап қойды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Ұлттық құрылтайдың кешегі отырысында Тоқаев елдің дамуына қатысты негізгі міндеттерді белгілеп берді.

"Мемлекет басшысы әрбір жауапты лауазымды тұлғаға батыл әрі тосын инновациялық шешімдер қабылдау қажеттігі туралы қатаң талаптар қойды. Бұл өмірдің барлық саласына қатысты. Әрбір министр мен әкімнен әрбір сала мен өңірде көзге көрінетіндей нақты нәтижелер керек", - деді Бектенов.

Айта кетері, мемлекет басшысы жол құрылысы мен ірі жобаларды іске асыру мерзімін де белгілеп берген.
Саясат
Тоқаев құрылтайдың соңғы отырысын өткізді: саяси жаңғырудың жаңа кезеңі басталды