Ұлттық құрылтайда жеңілдетілген кредит беру мәселесі көтерілді

Қазіргі кезде кәсіпкерлік кредиттер 20-25 проценттік мөлшерлемемен рәсімделеді
Sputnik
АСТАНА, 20 қаңтар – Sputnik. Бүгін Ұлттық құрылтайдың V отырысында кәсіпкерлерге жеңілдетілген кредит беру мәселесі көтерілді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Депутат Нұртай Сабильяновтың айтуынша, қазіргі кезде кәсіпкерлік кредиттер 20-25 проценттік мөлшерлемемен рәсімделеді.
"Бұл кәсіпкерлер үшін қолайсыз және бизнесті дамыту мүмкіндігін шектейді. Сол себепті кәсіпкерлікті қолдау мақсатында жеңілдетілген несие жүйесін енгізу керек деп есептеймін. Бұны даму институттары мен банктердің қаражатын үйлестіру арқылы жүзеге асыруға болады", - деді Сабильянов.
Осы орайда депутат мемлекет тарапынан бизнеске бөлінетін қаражаттың тиімділігін цифрлық платформа арқылы бақылау қажет деп санайды.
"Өйткені бизнесті қолдаудың мемлекетке қайтарымы болуы керек. Жаңа жұмыс орындарын ашу, өндірісті дамыту сияқты", - деді Сабильянов.
Тоқаев Ұлттық құрылтай күнін белгіледі