"Қайрат" бельгиялық "Брюггеден" 1:4 есебімен жеңілді

"Қайраттың" жалпы турнирлік кестеде бір ойыны қалды
Sputnik
АСТАНА, 20 қаңтар – Sputnik. Алматылық "Қайрат" футбол клубы UEFA Чемпиондар лигасының жетінші туры аясында бельгиялық "Брюгге" командасымен кездесіп, 1:4 есебімен жеңілді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
"Қайрат" - "Брюгге" матчы
Матч "Астана арена" стадионында өтті. Кездесудің 32-минутында Александр Станкович есеп ашты. Екінші голды 38-минутта Ханс Ванакен соқты. 74-минутта Ромео Верман есепті еселеді. Төртінші голды Брэндон Мехеле 84-минутта соқты. "Қайрат" сапынан жалғыз голды 92-ші минутта Әділет Сәдібеков соқты.
"Қайраттың" жалпы турнирлік кестеде бір ойыны қалды: 28 қаңтарда Лондонның "Арсеналымен" сырт алаңда ойнайды.
1 / 7
"Қайрат" - "Брюгге" матчы
2 / 7
"Қайрат" - "Брюгге" матчы
3 / 7
"Қайрат" - "Брюгге" матчы
4 / 7
"Қайрат" - "Брюгге" матчы
5 / 7
"Қайрат" - "Брюгге" матчы
6 / 7
"Қайрат" - "Брюгге" матчы
7 / 7
"Қайрат" - "Брюгге" матчы
Еске сала кетейік, "Қайрат" бұған дейін грекиялық "Олимпиакосқа" есе жіберген болатын, есеп 0:1. Матч былтыр 9 желтоқсанда "Астана Арена" стадионында өтті.
Әлемдегі ең қымбат футболшылардың тізімі жарияланды