"Қайрат" командасы "Олимпиакостан" 0:1 есебімен жеңілді

© Sputnik / Алексей Филиппов / Медиабанкке өтуОфициальный мяч чемпионата мира по футболу 2018 Telstar 18
Официальный мяч чемпионата мира по футболу 2018 Telstar 18 - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.12.2025
Жазылу
Желсон Мартинш 73-минутта "Қайратқа" гол соқты
АСТАНА, 9 желтоқсан – Sputnik. "Қайрат" футбол командасы УЕФА Чемпиондар лигасының жалпы кезеңі аясында грекиялық "Олимпиакостан" 0:1 есебімен жеңілді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
"Қайрат" – "Олимпиакос" матчы бүгін "Астана Арена" стадионында өтті. Ойынды тамашалауға 20 мыңнан астам жанкүйер келді.
Жалғыз голды Желсон Мартинш 73-минутта соқты. Осы голға қарамастан УЕФА "Қайраттың" қақпашысы Темірлан Анарбековты матчтың үздік ойыншысы деп таныды.
"Қайраттың" жалпы турнирлік кестеде әлі екі ойыны бар: 2026 жылдың 20 қаңтарында алматылық команда Астанада бельгиялық "Брюгге" командасын қабылдайды, ал 28-і күні Лондонның "Арсеналымен" сырт алаңда ойнайды.
Еске сала кетейік, бұған дейін "Қайрат" Данияның "Копенгаген" командасынан 2-3 есебімен жеңілген болатын. Матч 26 қарашада Копенгагендегі "Паркен" стадионында өтті.
Алматылық Қайрат Чемпиондар Лигасының бесінші турында Данияның Копенгагеніне 2-3 есебімен жеңілді - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.11.2025
Чемпиондар Лигасы: "Қайрат" "Копенгагеннен" 2-3 есебімен жеңілді
Жаңалықтар
0