АСТАНА, 19 қаңтар – Sputnik. Ұлттық құрылтайдың V отырысы 20 қаңтар күні Қызылордада өтеді, деп хабарлады президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай.
"Сыр бойындағы жиында президент Қасым-Жомарт Тоқаев сөз сөйлеп, Қазақстанның келешек даму бағдары мен қоғамдағы өзекті мәселелер туралы ойларын ортаға салады", - деп жазды Желдібай.
Ұлттық құрылтайдың бұған дейінгі отырыстары 2022 жылы Ұлытауда, 2023 жылы Түркістанда, 2024 жылы Атырауда, 2025 жылы – Бурабайда өткен болатын.
Ұлттық құрылтайдың отырыстары қажеттігіне қарай, бірақ жылына кемінде бір рет өткізіледі.
Ұлттық құрылтайдың құрамы белгілі мемлекет және қоғам қайраткерлерінің, саяси партиялар, үкіметтік емес сектор, бизнес-қауымдастықтар, сарапшылар қоғамдастығы және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың қоғамдық кеңестері өкілдерінің қатарынан жасақталады.