Оралда полиция халықаралық іздеуде жүрген ер адамды ұстады

Ол адам өлтіру дерегі бойынша 2024 жылдан бері халықаралық іздеуде болған
Sputnik
АСТАНА, 19 қаңтар – Sputnik. Оралда полиция аса ауыр қылмыс жасады деген күдікпен халықаралық іздеу жарияланған ер адамды қолға түсірді, деп хабарлады Батыс Қазақстан облысының полиция департаменті.
33 жастағы азаматты 17 қаңтарда Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері ұстаған. Операция жедел ақпарат негізінде жүзеге асырылды.
"Бұл азамат Орал қаласы аумағында ер адамды өлтіру дерегі бойынша 2024 жылдан бері халықаралық іздеуде болғаны анықталды", - деп жазылған хабарламада.
Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған дерек бойынша қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.
Былтыр іздеуде жүрген 70-тен астам күдікті ұсталды