Былтыр іздеуде жүрген 70-тен астам күдікті ұсталды

© Sputnik / Тимур БатыршинҚолкісен
Қолкісен - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.01.2026
Жазылу
20-дан астам ұйымдасқан қылмыстық топ құрықталған
АСТАНА, 9 қаңтар – Sputnik. Ұлттық қауіпсіздік комитеті былтыр полициямен бірлесіп, іздеуде жүрген 70-тен астам күдіктіні ұстады.
Комитеттің мәліметінше, 20-дан астам ұйымдасқан қылмыстық топ құрықталған.
"Кісі өлтірді, бопсалады, есірткі мен қаруды заңсыз сақтады деген күдікпен 70-тен астам адам, соның ішінде қазақстандық және шетелдік құқық қорғау органдарымен ізделудегілер ұсталды", - деп жазды комитетте.
Тергеу барысында 30 бірлік атыс және 11 жарақат қаруы, сондай-ақ ақшалай қаражат тәркіленді.
Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр.
Қолкісен - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.01.2026
Шығын 80 млн теңгеден асады: Шымкентте халықаралық іздеуде жүрген күдікті ұсталды
Жаңалықтар
0