Енді әскерге шақырылғандарға кредит берілмейді

Sputnik
АСТАНА, 19 қаңтар – Sputnik. Банктер мен микроқаржы ұйымдары әскерге шақыру жасындағы әлеуетті қарыз алушылардың мәртебесін тексеруге міндеттеледі. Егер азаматтың әскер қатарында қызмет өткеріп жатқаны анықталса, оған кредит беруден бас тартылады.
Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің қоғамдық талқылауға шығарған бұйрық жобасында айтылған. Жоба банк қызметі туралы заңға қол қойылғаннан кейін әзірленген.
Сонымен қатар, Қорғаныс министрлігі әскерге шақырылушылар туралы деректерді кредиттік бюромен алмасады. Бұл қарыздар бойынша төлемдерді кейінге шегеруге мүмкіндік береді.
Әскерге шақырылушыларға кредит алуға тыйым салу мәселесі 2025 жылдың басында көтерілді. Себебі бір жыл бұрын Қазақстанда мерзімді әскери қызметшілерді кредит төлеуден 13 айға уақытша босату туралы шешім қабылданған еді.
Агенттік мәліметінше 2025 жылдың мамырына дейін 20 мың адам жалпы сомасы 7,5 млрд теңге көлеміндегі төлемді кейінге шегеруге мүмкіндік алған.
Қойшылар мен бақташылардың зейнет жасы төмендетіледі - құжат жобасы мақұлданды