Қойшылар мен бақташылардың зейнет жасы төмендетіледі - құжат жобасы мақұлданды

© Sputnik / Владислав ВодневКөбейтұздағы қойшы
Көбейтұздағы қойшы - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.01.2026
Жазылу
Қоғамдық кеңес мүшелері кешенді жоспар жобасын бірауыздан мақұлдады
АСТАНА, 7 қаңтар – Sputnik. Ауыл шаруашылығы министрлігі қойшылар мен бақташылардың зейнет жасын төмендетуді ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Бұл шаралар 2026–2030 жылдарға арналған мал шаруашылығы саласындағы агробизнесті дамытудың кешенді жоспарына енгізіліп отыр. Құжаттың жобасын қоғамдық кеңесте талқыланды.
"Құжатта саланы білікті кадрлармен қамтамасыз ету бойынша шаралар көзделген. Мал шаруашылығы өкілдерін әлеуметтік қолдау мәселелері де қарастырылған, оның ішінде қойшылар мен бақташылар үшін зейнеткерлік жасты төмендету, олардың балаларына білім беру гранттарын басым тәртіппен бөлу, әскер қатарына шақыруды кейінге қалдыру ұсынылады", - делінген ресми хабарламада.
Жоспар енгізілген басқа да шаралар:
жануарлардың барлық түрлері бойынша асыл тұқымды малды сатып алуға жылдық 6% мөлшерлемемен ұзақ мерзімді жеңілдетілген кредит беру;
айналым қаражатын толықтыру үшін мал шаруашылығының ішкі салаларына шектеу қойылмай, 5% мөлшерлемемен кредит беру тетігін енгізу;
пайдаланылмай жатқан жайылымдардың әлеуетін іске қосу мақсатында көшпелі (отгонды) мал шаруашылығын дамыту үшін 6% мөлшерлемемен бірыңғай кредиттік өнім құру;
Қоғамдық кеңес мүшелері кешенді жоспар жобасын бірауыздан мақұлдады.
Виды Астаны - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.01.2026
Қазақстанда зейнетақы 5 пайызға өседі
Жаңалықтар
0