Трамп Гренландияны АҚШ-қа қосса, бұл оның атын тарихта қалдырады – сарапшы пікірі

Sputnik
АСТАНА, 18 қаңтар – Sputnik. "Национальная оборона" журналының бас редакторы Игорь Коротченко @SputnikLive-қа берген сұхбатында Гренландияны АҚШ-қа қосу сценарийі іске асса, бұл Америка президенті Дональд Трамптың атын тарихта мәңгі қалдыратынын айтты.
Сарапшының пікірінше, Гренландияны қосу әрекетін Луизиананы сатып алумен салыстыру дұрыс емес.
"Біз XXI ғасырда өмір сүріп отырмыз, мұнда мүлде басқа ақиқат бар. Егер Трамп Гренландияны "жұтса", бұл әлемдік ауқымдағы таңғаларлық оқиға болар еді", — деді ол.
Оның айтуынша Гренландияны қосу әрекеті АҚШ пен Қытай арасындағы жаһандық бәсеке ретінде қарастырылуы керек.
"АҚШ бірінші нөмірлі экономикалық держава мәртебесінен айырылып жатыр, сондықтан Трамптың барлық бастамасын жаһандық бәсеке тұрғысынан бағалау қажет", — деп түйіндеді сарапшы.
Трамп Иранмен сауда жүргізетін елдерге баж салығын енгізді – Қазақстан ұстанымы