АСТАНА, 16 қаңтар – Sputnik. Түркістан облысында емхана басшысынан ақша бопсалады деген күдікпен блогер ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Полицияның мәліметінше Келес ауданында 32 жастағы блогер әлеуметтік желіде беделін түсіретін сипаттағы материалдарды таратпау үшін миллион теңге көлемінде қаражат талап еткен.
Күдікке ілінген жұмыссыз тұрғын блог жүргізіп, өзін қоғам белсендісі ретінде көрсеткені белгілі болды.
"Қазіргі уақытта бопсалау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Заттай дәлелдемелер тәркіленді", - деп жазылған хабарламада.
Полиция болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтап, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп жатыр.