АСТАНА, 16 қаңтар-Sputnik. Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров БАӘ мен Үндістанның ірі компанияларының басшыларымен кездесу өткізді, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Талқылаудың басты тақырыбы сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту және мал шаруашылығы өнімдерін шетелге жеткізу перспективалары болды.
Қазақстан ет өнімдерін БАӘ мен Үндістанға экспорттауға ниетті
"Шетелдік тарап ешкі еті мен халықаралық ветеринариялық-санитариялық және сапалық талаптарға сәйкес келетін басқа да халал ет өнімдерін импорттауға қызығушылық білдірді. Үндістанның өсіп келе жатқан тұтыну нарығы отандық мал шаруашылығы өнімдерінің экспортын кеңейту үшін қосымша мүмкіндіктер ашатыны атап өтілді", - деді Ауыл шаруашылығы министрлігі.
Қазақстан ет өнімдерін БАӘ мен Үндістанға экспорттауға ниетті
Айдарбек Сапаров атап өткендей, Қазақстан мал шаруашылығы саласында айтарлықтай әлеуетке ие және ветеринариялық талаптарды сақтау және тұрақты жеткізілімдерді қамтамасыз ету жағдайында экспорт көлемін ұлғайту мүмкіндіктерін қарастыруға дайын.
Қазақстан ет өнімдерін БАӘ мен Үндістанға экспорттауға ниетті
Нәтижесінде тараптар ветеринариялық сертификаттау, логистика және қазақстандық өндірушілер мен үнді импорттаушылары арасында тікелей байланыс орнату мәселелерін қоса алғанда, ынтымақтастықтың практикалық тетіктерін пысықтауды жалғастыруға келісті.