Қайрат Сәтжановқа үш бөлмелі пәтер мен қымбат көлік сыйға берілді

Sputnik
АСТАНА, 16 қаңтар – Sputnik. Бокстан Қазақстан ерлер құрамасының экс-бас бапкері Қайрат Сәтжановқа үш бөлмелі пәтер мен қымбат көлік сыйға берілді, деп хабарлады Қазақстан бокс федерациясы.
"Бүгін Астанада Қазақстан бокс федерациясының бірінші вице-президенті Дархан Қызайбаев Қайрат Сәтжановқа Toyota Land Cruiser 300 автокөлігін және Астана қаласынан 3 бөлмелі пәтер кілтін табыстады", - деп жазылған хабарламада.
Еске сала кетейік, бұған дейін Қайрат Сәтжанов денсаулығына байланысты бокстан ерлер құрамасының бас бапкері қызметінен кеткені хабарланған еді. Сәтжанов бас бапкер қызметін 2024 жылдың тамызынан бастап атқарды. Оның орнына Нұржан Насанов тағайындалды.
Геннадий Головкин Халықаралық бокс Даңқ залына енді