АСТАНА, 16 қаңтар – Sputnik. Астанада интернет арқылы алаяқтық жасаған 20 жастағы қала тұрғынына қатысты сот үкімі жарияланды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Айыпталушы танысуға арналған Tinder қосымшасында "Нұрай" деген атпен тіркеліп, өзінің Telegram аккаунтына сілтеме қалдырған. Сол жерде бейтаныс қыздың суретін де салып қойған.
Ал жәбірленуші жалған парақшадағы қызға ғашық болып қалған. Оны байқаған Нұрай бас кезінде жай хат жазысып жүріп, кейін кездесуге уәде беріпті.
"Ол жігіттен әртүрлі сылтаулмен ақша сұраған. Жәбірленушінің оған ғашық болғаны сонша, үш айға жетпейтін уақыт ішінде 4 млн теңгеден астам ақшаны аударып жіберген", - деді прокуратура.
Ондай әрекет ірі көлемде жасалған алаяқтық болып саналады. Сотта айыпталушы жасаған ісіне өкінетінін айтты. Жәбірленушінің ақшасын да қайтарып берген.
Сот үкімімен оған 3 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. "Нұрай" пробациялық бақылауға алынды.
Астанада интернет арқылы алаяқтық жасаған 20 жастағы қала тұрғынына үкім шықты. Ол танысуға арналған Tinder қосымшасына әйел адамның атымен "Нұрай" деп тіркеліп, өзінің Telegram аккаунтына сілтеме қалдырған.