АСТАНА, 15 қаңтар - Sputnik. Алматыда Air Astana әуе компаниясының лоукостері FlyArystan компаниясының қызметкерлеріне қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Алматы қалалық соты.
Іс Алмалы аудандық сотында қаралды. Әуе компаниясының бұрынғы үш қызметкеріне қатысты аса ірі көлемде қаржы жымқырды және ақшаны заңдастырды деген айып тағылған.
"Олардың екеуі менеджер, бірі департамент директоры бола отырып, 2019 жылдан 2024 жылға дейінгі кезеңде ақшалай қаражатты иемденгені анықталды. Ұрланған қаражатқа жылжымалы және жылжымайтын мүлік сатып алынған", - дейді сотта.
Алайда сотталушылар кінәларын мойындамады.
"Сот үкімімен менеджерлер кінәлі деп танылып, мүлкі тәркіленіп, оларға 8 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды", - дейді қалалық сотта.
Ал бұрынғы департамент басшысына 9 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ