АСТАНА, 15 қаңтар – Sputnik. Астанада оқушылар мен студенттер қашықтан оқуға ауыстырылды, деп хабарлады елорда әкімдігі.
Астанада ауа райына байланысты мектеп оқушылары мен 1-2 курс студенттері онлайн оқу форматына ауыстырылды.
"16 қаңтарда ауа райының қолайсыздығына байланысты бірінші ауысымның 0-11(12) сынып оқушылары мен колледждердің 1-2-курс студенттері қашықтан оқиды", – делінген ресми хабарламада.
Бұған дейін "Қазгидромет" Қазақстанға 38 градус аяз келе жатқанын хабарлады. Себебі ел аумағына суық антициклон келе жатыр.
Синоптиктердің мәліметінше, солтүстік пен шығыс аймақтарда сынап бағанасы түнгі уақытта 30-38 градусқа дейін төмендейді. Салдарынан жел күшейіп, елдің солтүстік жартысында жекелеген аудандарда боранның екпіні секундына 28 метрге жетеді.