Астанада екінші ауысымның 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқиды

© Sputnik/Ертай СарбасовАстанада екінші ауысымның 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқиды
Астанада екінші ауысымның 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқиды - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.01.2026
Жазылу
Ауа райының қолайсыздығына байланысты оқу онлайн форматқа көшірілді
АСТАНА, 15 қаңтар – Sputnik. Астанада екінші ауысымда оқитын оқушылар да онлайн форматта оқиды, деп хабарлады елорда әкімдігі.
"2026 жылғы 15 қаңтар күні ауа райының қолайсыздығына байланысты екінші ауысымның 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылады", - делінген хабарламада.
Бұған дейін "Қазгидромет" Қазақстанға 38 градус аяз болатынын хабарлаған. Себебі ел аумағына суық антициклон келе жатыр.
Синоптиктердің мәліметінше, 15 қаңтарда шығыс аймақтарда сынап бағанасы түнгі уақытта 30-38 градусқа дейін төмендейді. Аязды ауа райына қарамастан, антициклон тез ауысады. Салдарынан жел күшейіп, елдің солтүстік жартысында жекелеген аудандарда боранның екпіні секундына 28 метрге жетеді.
Астанадағы аяз - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.01.2026
Астанада оқушылар мен студенттер қашықтан оқуға көшті
Жаңалықтар
0