АСТАНА, 15 қаңтар – Sputnik. Астанада екінші ауысымда оқитын оқушылар да онлайн форматта оқиды, деп хабарлады елорда әкімдігі.
"2026 жылғы 15 қаңтар күні ауа райының қолайсыздығына байланысты екінші ауысымның 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылады", - делінген хабарламада.
Бұған дейін "Қазгидромет" Қазақстанға 38 градус аяз болатынын хабарлаған. Себебі ел аумағына суық антициклон келе жатыр.
Синоптиктердің мәліметінше, 15 қаңтарда шығыс аймақтарда сынап бағанасы түнгі уақытта 30-38 градусқа дейін төмендейді. Аязды ауа райына қарамастан, антициклон тез ауысады. Салдарынан жел күшейіп, елдің солтүстік жартысында жекелеген аудандарда боранның екпіні секундына 28 метрге жетеді.