Air Astana ұшақтары Иранның әуе кеңістігін айналып ұшады

Тегеран наразылық аясында әуе кеңістігін жауып тастады
Sputnik
АСТАНА, 15 қаңтар-Sputnik. Air Astana Иран әуе кеңістігінің жабылуына байланысты кейбір тұрақты және чартерлік рейстерінің маршруттық жолдарының өзгерістері туралы хабарлайды.
Мұның себебі - Иранның әуе кеңістігінің жабылуы.
"Шарм-эль-Шейх, Дубай, Доха және Мединаға рейстер Иран әуе кеңістігін айналып ұшады. Air Astana жағдайды мұқият бақылайды", - деп жазды тасымалдаушы.
Сондай-ақ, компания жолаушылардан рейстер туралы ақпаратты тексеруді сұрайды, өйткені межелі әуежайларға ұшу-қону уақытында өзгерістер болады деп күтілуде.
Бұған дейін Иран билігі Астана уақытымен сағат 8:30-ға дейін елдің үстіндегі әуе кеңістігін жабуды ұзартқан болатын.
Ақтөбеге баруы тиісті ұшақ Ақтауға қонды: жолаушылар әуе көлігінен түсуден бас тартты