Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Зеленский қару-жарақ сатып алу кезінде проблема туындап жатқанын айтты

Зеленский ЕО ақшасына АҚШ-тың қару-жарағын сатып алу проблемалары туралы мәлімдеді
Sputnik
АЛМАТЫ, 14 қаңтар – Sputnik. Украина басшысы Владимир Зеленский еуропа ақшасына АҚШ-тан қару-жарақ сатып алу кезінде проблема туындап жатқанын мәлімдеді. Бұл туралы ол кешкі үндеуінде айтты.
"Біздің серіктестердің барлық келісімдерді нақты және уақтылы орындауы маңызды", — деді ол.
Зеленский еуропалық одақтастардың жарналары арқылы PURL қару-жарақ сатып алу бағдарламасын толықтыру қажет екенін айтты. Сонымен қатар ол жыл басынан бері жұмыс қажетті деңгейде атқарылмады деп шағымданды.
Ресей Украинаға қару-жарақ жеткізу қақтығысты реттеуге кедергі келтіреді, НАТО елдерін қақтығысқа тікелей тартады және оларды "отпен ойнап жатыр" деп санайды. Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Украинаға арналған қару-жарақ тиелген кез келген жүк Ресей үшін заңды нысанаға айналатынын мәлімдеді.
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Франция Ресей активтерін қару-жарақ сатып алуға пайдалану мәселесін көтерді