https://sputnik.kz/20251116/frantsiya-resey-aktivterin-qaru-zharaq-satyp-aluga-paydalanu-maselesin-koterdi-58822490.html
Франция Ресей активтерін қару-жарақ сатып алуға пайдалану мәселесін көтерді
Франция Ресей активтерін қару-жарақ сатып алуға пайдалану мәселесін көтерді
Sputnik Қазақстан
Дегенмен Ресей қаражатын пайдалану бойынша әлі де консенсус жоқ 16.11.2025, Sputnik Қазақстан
2025-11-16T20:00+0500
2025-11-16T20:00+0500
2025-11-16T20:00+0500
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
https://sputnik.kz/img/old/889/41/8894129_0:160:3076:1890_1920x0_80_0_0_ed90b2a7612b0e7f0548205191b3aa95.jpg
АСТАНА, 16 қараша – Sputnik. Франция Сыртқы істер министрлігі жанындағы Еуропа істері министрі Бенжамен Аддад қару-жарақ сатып алуға бұғатталған Ресей активтерін пайдалануды ұсынды.Дегенмен Ресей қаражатын пайдалану бойынша әлі де консенсус жоқ. Аддад Франция кез келген сценарий кезінде халықаралық құқықтың сақталуын жақтайтынын атап өтті.Украинадағы қақтығыс басталғаннан бері ЕО және G7 елдері Ресейдің валюта резервінің жартысына жуығын бұғаттап тастады, Еуроодақта 200 миллиард еуродан астам қаражат негізінен әлемдегі ең ірі клирингтік және есеп айырысу жүйелерінің бірі Euroclear шоттарында сақталған.ЕО Бельгиядан шамамен 140 миллиард еуроны "репарациялық кредит" ретінде пайдалануға келісім сұрап отыр. Егер Мәскеу "материалдық залалды өтеп берсе", Украина оны қақтығыс аяқталғаннан кейін қайтарады.Бір күн бұрын Euroclear компаниясының басшысы Валери Урбан Ресей қаражаты тәркіленген жағдайда компания Еуропалық Одаққа қарсы сотқа шағымданатынын мәлімдеді. Оның айтуынша, мұндай қадам халықаралық құқықты бұзады және Мәскеу оған сотта шағымдана алады.Тамыз айының соңында Welt am Sonntag басылымы Еуропалық Комиссияның деректеріне сілтеме жасай отырып, қаңтардан шілдеге дейін ЕО Ресей Банкінің иммобилизацияланған қаржысының табысынан Украинаға 10,1 миллиард еуро аударғанын хабарлады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/old/889/41/8894129_173:0:2904:2048_1920x0_80_0_0_f43b3bc381559e1b9f8a2a17eda1ab0d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Франция Ресей активтерін қару-жарақ сатып алуға пайдалану мәселесін көтерді
Дегенмен Ресей қаражатын пайдалану бойынша әлі де консенсус жоқ
АСТАНА, 16 қараша – Sputnik. Франция Сыртқы істер министрлігі жанындағы Еуропа істері министрі Бенжамен Аддад қару-жарақ сатып алуға бұғатталған Ресей активтерін пайдалануды ұсынды.
"Еуропаның қорлары, сондай-ақ (ресейлік — ред.) бұғатталған активтер, егер оларды қалай қолдану жөнінде келісімге қол жеткізілсе, Еуропаның қорғаныс өнеркәсібі мен қару-жарағын қаржыландыруға пайдаланылады", - деді ол LCI телеарнасының эфирінде.
Дегенмен Ресей қаражатын пайдалану бойынша әлі де консенсус жоқ. Аддад Франция кез келген сценарий кезінде халықаралық құқықтың сақталуын жақтайтынын атап өтті.
Украинадағы қақтығыс басталғаннан бері ЕО және G7 елдері Ресейдің валюта резервінің жартысына жуығын бұғаттап тастады, Еуроодақта 200 миллиард еуродан астам қаражат негізінен әлемдегі ең ірі клирингтік және есеп айырысу жүйелерінің бірі Euroclear шоттарында сақталған.
ЕО Бельгиядан шамамен 140 миллиард еуроны "репарациялық кредит" ретінде пайдалануға келісім сұрап отыр. Егер Мәскеу "материалдық залалды өтеп берсе", Украина оны қақтығыс аяқталғаннан кейін қайтарады.
Бір күн бұрын Euroclear компаниясының басшысы Валери Урбан Ресей қаражаты тәркіленген жағдайда компания Еуропалық Одаққа қарсы сотқа шағымданатынын мәлімдеді. Оның айтуынша, мұндай қадам халықаралық құқықты бұзады және Мәскеу оған сотта шағымдана алады.
Тамыз айының соңында Welt am Sonntag басылымы Еуропалық Комиссияның деректеріне сілтеме жасай отырып, қаңтардан шілдеге дейін ЕО Ресей Банкінің иммобилизацияланған қаржысының табысынан Украинаға 10,1 миллиард еуро аударғанын хабарлады.