"ҚазМұнайГаз" КҚК-ға тиелгенге дейін танкерге шабуыл жасалғанын растады

Танкерге 2026 жылдың 18 қаңтарында қазақстандық мұнай тиелуі керек болатын
Sputnik
АСТАНА, 13 қаңтар – Sputnik. "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы Каспий құбыр консорциумынан (КҚК) қазақстандық мұнайды тасымалдайтын танкерге шабуыл жасалғанын растады.
Баспасөз қызметінің атап өтуінше, "MATILDA" кемесін ҚМГ-ның еншілес ұйымы - "Қазақтеңізкөлікфлоты" ҰТКҚК" ЖШС жалға алған.
Каспий Құбыр консорциумының терминалында тұрған танкерге Қазақстан мұнайын тиеу жұмыстары 2026 жылғы 18 қаңтарға жоспарланған.
"13 қаңтарда танкерге ұшқышсыз ұшатын аппараттар шабуыл жасады. Шабуыл салдарынан жарылыс болды, бірақ өрт шықпады. Экипаж арасында зардап шеккендер жоқ", - делінген мәлімдемеде.
Компания алдын ала бағалау бойынша танкер теңізде жүзуге жарамды екенін, бірінші тексеру кезінде кеме құрылымының айтарлықтай зақымдану белгілері анықталмағанын хабарлады. Залал көлемін бағалау жүріп жатыр.
Компания жарылыстан болған залал әлі де бағаланып жатқанын қосты.
Бұған дейін энергетика министрлігі КҚК мұнайды айлақтан штаттық режимде тиеп жатқанын хабарлаған болатын.
Бас прокуратура Каспий құбыр консорциумына шабуылды қолдайтындарға қылмыстық іс қозғады