Госпитальдық фармация бөлімшелері шамамен 1 млрд теңге экономикалық тиімділік көрсетті

Бұрын жұмыс істеп тұрған бөлімшелерді ескере отырып, олардың жалпы саны республика бойынша 126-ға жетті
Sputnik
АСТАНА, 13 қаңтар – Sputnik. Қазақстанның 126 медициналық ұйымында госпитальдық фармация бөлімшелерінің енгізілуінен экономикалық тиімділік шамамен 1 млрд теңгені құрады, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.
Қазақстанда дәрілік қамтамасыз етудің тиімділігін арттырудың маңызды құралы ретінде клиникалық фармакология және госпитальдық фармация бөлімшелерін кезең-кезеңімен енгізу жалғасып жатыр.
"2025 жылы госпитальдық фармацияның 49 жаңа бөлімшесі ашылды. Бұрын жұмыс істеп тұрған бөлімшелерді ескере отырып, олардың жалпы саны республика бойынша 126-ға жетті", - делінген хабарламада.
Бөлімшелердің жұмысы:
- дәрілік заттардың дербестендірілген есебін енгізуге;
- фармакотерапияның сапасы мен қауіпсіздігін арттыруға;
- шығындарды оңтайландыруға;
- терапияның тиімділігін бақылаудың бірыңғай жүйесін қалыптастыруға бағытталған.
Ведомство хабарлауынша, 2023-2024 жылдары 19 медициналық ұйым жұмысының қорытындысы бойынша клиникалық фармакология және госпитальдық фармация бөлімшелері қызметінің экономикалық тиімділігі емдеу схемаларын оңтайландыру, полипрагмазияны төмендету және дербестендірілген фармакотерапияны енгізудің есебінен шамамен 1 млрд теңгені құрады.
1,3 млн гектар суармалы жерге су үнемдеу жүйелері енгізіледі