Солтүстік Қазақстанда өрттен ер адам мен бала көз жұмды

Екінші баланы іздеу жұмыстары жалғасып жатыр
Sputnik
АЛМАТЫ, 12 қаңтар – Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының Майбалық ауылында ер адам мен оның баласы көз жұмды, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар департаменті.
Қайғылы оқиға 11 қаңтар күні кешкі уақытта жеке тұрғын үйде болған. Құтқарушылар оқиға орнына келгенде тұрғын үй толықтай отқа оранып, қираған.
"Үй иесінің айтуынша, өрт болған сәтте үйде оның күйеуі және екі кәмелетке толмаған бала болған. Өртті сөндіру және үйінділерді бөлшектеу барысында құтқарушылар ер адам мен бір кәмелетке толмаған баланың мәйітін тапты. Екіншісін іздеу жұмыстары жалғасып жатыр", - дейді өрт сөндірушілер.
ТЖД психологтары үй иесіне қажетті психологиялық көмек көрсетіп жатыр.
Өрт 64 шаршы метр аумақта толықтай сөндірілді. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
Павлодар облысында тұрғын үйде ер адам өртеніп кетті