Астанада интернет-алаяқтыққа қарсы жаңа тәсіл іске қосылды

Sputnik
АСТАНА, 12 қаңтар - Sputnik. Астанада интернет-алаяқтықтың алдын алудың жаңа тәсілі іске қосылды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Астанада аудиоескерту іске қосылды. Ол "Қазақтелекоммен" бірлесіп жүзеге асты.
Ол 160 және 165 нөмірлері арқылы жұмыс істейтін Call-орталықтарға қоңырау түскен кезде интернет-алаяқтық түрлері туралы ескертеді.
Алаяқтықтан сақтану үшін:
SMS-кодтарды бөгде адамдарға хабарламаңыз;
Құқық қорғау органдары атынан жасалатын жалған қоңырауларға сенбеңіз;
Ақшаны "қауіпсіз" немесе "сақтандыру" шоттарына аудармаңыз — мұндай шоттар жоқ.
Құқыққа қарсы әрекеттерге тап болсаңыз, "102" нөмірі арқылы полицияға дереу хабарласыңыз, дейді полицейлер.
Премьер-министр алаяқтық кеңінен таралған саланы реттеуді тапсырды