Абай облысында 8 жастағы бала құдыққа түсіп кеткен

Бетон плитаның астындағы шетінен бір бөлігі құлап, бала соған абайсызда түсіп кеткен
Sputnik
АСТАНА, 12 қаңтар - Sputnik. Абай облысында 8 жастағы бала құдыққа түсіп кетіп, бірнеше сағат жатқан, деп хабарлайды облыстық полиция департаменті.
Абай облысында учаскелік полицей камералардың көмегімен жоғалған 8 жастағы баланы тауып алды. Бала құдықтан табылды.
"Чекоман атты шағын ауылда із-түссіз жоғалған баланы іздеу жұмыстары жедел аяқталды. 8 жастағы баланың жоғалғаны туралы хабарлама полицияға сол күні келіп түсті: баланы соңғы рет сағат 14:30 шамасында көрген", - дейді полицияда.
Баланы іздеуге жергілікті тұрғындар бірнеше минуттың ішінде шықты. Полиция қызметкерлері мен жергілікті атқарушы билік өкілдері дереу іздеуге қосылды.
"Қосымша іздестіру жұмыстары барысында бала құдықтан табылды. Ол бірнеше сағат сонда болған. Бетон плитаның астындағы шетінен бір бөлігі құлап, бала соған абайсызда түсіп кеткен", - дейді облыстық полиция департаменті.
Бала аман-есен құтқарылды, медициналық көмектің қажеті болмады.
Алматы облысында үш адам құдыққа түсіп көз жұмды