https://sputnik.kz/20240917/almaty-oblysynda-ush-adam-qudyqqa-tusip-koz-zhumdy-47163909.html
Алматы облысында үш адам құдыққа түсіп көз жұмды
Алматы облысында үш адам құдыққа түсіп көз жұмды
Sputnik Қазақстан
Өлімге су құбырына жиналған улы газ себеп болуы мүмкін 17.09.2024, Sputnik Қазақстан
2024-09-17T14:18+0500
2024-09-17T14:18+0500
2024-09-17T14:18+0500
құдық
https://sputnik.kz/img/old/537/08/5370807_0:97:1024:673_1920x0_80_0_0_d2b7c8662806d2d3785234a2d9f80231.jpg
АЛМАТЫ, 17 қыркүйек – Sputnik. Алматы облысы Кеген ауданының орталығында үш адам ауыз су құдығына түсіп көз жұмды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Қайғылы оқиға 16 қыркүйек сағат 20:29 шамасында болған. Қайтыс болғандардың екеуі әкелі-балалы кісілер. Бала 9-сыныпта оқыған.Ауыл тұрғындарының айтуынша, марқұмдардың бірі 1968 жылы туған, "Алатау Жарық" компаниясында жүргізуші. Ал екінші марқұмның жасы 43-тe, "КазМясо" ЖШС жұмысшысы. Қайтыс болған үшінші адам Өдек Жаңабаев атындағы орта мектептің 9-шы сынып оқушысы.Көршілерінің айтуынша сағат 18.30 шамасында № 22 үйдің жанындағы ауыз су құдығын өз беттерінше жөндеуге түскен. Ешқандай тиісті мекемелерге хабарламаған.Өлімге су құбырына жиналған улы газ себеп болуы мүмкін, оны сараптама қортындысы анықтайды.Полиция тергеу басталғанын айтты."Қайтыс болған адамдардың денесі мәйітханаға жіберілді, сот-медициналық сараптама жасалып жатыр", - дейді ведомство.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/old/537/08/5370807_0:0:1024:768_1920x0_80_0_0_db2263e7745c02b7198ec81784f81ae6.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
құдық
Алматы облысында үш адам құдыққа түсіп көз жұмды
Өлімге су құбырына жиналған улы газ себеп болуы мүмкін
АЛМАТЫ, 17 қыркүйек – Sputnik. Алматы облысы Кеген ауданының орталығында үш адам ауыз су құдығына түсіп көз жұмды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Қайғылы оқиға 16 қыркүйек сағат 20:29 шамасында болған. Қайтыс болғандардың екеуі әкелі-балалы кісілер. Бала 9-сыныпта оқыған.
Ауыл тұрғындарының айтуынша, марқұмдардың бірі 1968 жылы туған, "Алатау Жарық" компаниясында жүргізуші. Ал екінші марқұмның жасы 43-тe, "КазМясо" ЖШС жұмысшысы. Қайтыс болған үшінші адам Өдек Жаңабаев атындағы орта мектептің 9-шы сынып оқушысы.
Көршілерінің айтуынша сағат 18.30 шамасында № 22 үйдің жанындағы ауыз су құдығын өз беттерінше жөндеуге түскен. Ешқандай тиісті мекемелерге хабарламаған.
"Кегенде су проблемасы бұрыннан бар. Су болмай қалған кезде тұрғындар құдықты өздері ашып, су алудың амалын жасайды. Бұл жолы да құдықты ашқан сияқты. Бірақ олардың қалай түсіп кеткенін ешкім білмейді. Кеш батып, жақындары іздей бастаған кезде, құдықтың ашық тұрғанын көрген. Оларды тапқан кезде құдықтың іші суға толып, аяқ киімдері қалқып жүрген", - дейді марқұмдардың Мақпал Шадан есімді туысы.
Өлімге су құбырына жиналған улы газ себеп болуы мүмкін, оны сараптама қортындысы анықтайды.
Полиция тергеу басталғанын айтты.
"Қайтыс болған адамдардың денесі мәйітханаға жіберілді, сот-медициналық сараптама жасалып жатыр", - дейді ведомство.