"Астана-Көкшетау" тас жолында әскери техника колоннасы көзге түсті - министрлік не дейді

Әскери техника легі полигонға бара жатқан
Sputnik
АСТАНА, 10 қаңтар – Sputnik. Жолда кетіп бара жатқан әскери техниканың видеосы әлеуметтік желілерде таралып, кейбір қазақстандықтарды алаңдатты.
Куәгерлер көлік колоннасын Ақмола облысындағы Көкшетауға баратын жолда түсіріп алған.
Sputnik Қазақстан тілшілері түсініктеме алу үшін қорғаныс министрлігіне хабарласқан. Ведомстводағылар бұл бекітілген жаттығу жоспарына сәйкес орындалып жатқанын алға тартты.

"Биылғы жылдың 8-16 қаңтар аралығында жеке құрамның жауынгерлік дайындығы аясында Ақмола облысында елорданың 68665 әскери бөлімінен Амандық жаттығу алаңына әскери техниканың жоспарлы түрде қозғалысы жүріп жатыр. Бөлімшелер бекітілген жаттығу жоспарына сәйкес қозғалып жатыр", - деп хабарлады министрлікте.

Қорғаныс министрлігі тұрғындардан сабыр сақтауды және ресми дереккөздерден алынған ақпаратқа сенуді сұрайды.
Жолдарда әскери техника жүреді: министрлік ескерту жасады