Жолдарда әскери техника жүреді: министрлік ескерту жасады

© Sputnik / Санат ИмангалиевЖолдарда әскери техника жүреді: министрлік ескерту жасады
Жолдарда әскери техника жүреді: министрлік ескерту жасады   - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.11.2025
Жазылу
Желтоқсан айының алғашқы күндерінде оқу дабылы бойынша жауынгерлік дайындық өтеді
АСТАНА, 29 қараша – Sputnik. Қазақстанның Қарулы күштері оқу дабылы бойынша көтеріледі, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Бүгін қорғаныс министрлігінің ресми хабарлама таратты.

"Жаңа оқу жылының басталуына орай желтоқсан айының алғашқы күндерінде Қарулы Күштердің барлық бөлімдері оқу дабылы бойынша жоғары деңгейдегі жауынгерлік дайындыққа келтіріледі", - дейді министрлік мамандары.

Осыдан кейін сарбаздар оқу полигондары мен оқу орталықтарына жоспарлы марштар жасайды. Ал жекелеген бөлімшелер кешенді жауынгерлік дайындық сабақтары өтетін орындарға әуе, теміржол және автокөлік көлігімен жеткізіледі.
"Аталған кезеңде қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында өңірлердегі жолдардың кейбір учаскелерінде көлік қозғалысын уақытша шектеу мүмкін екенін ескертеміз", - делінген ресми хабарламада.
Осыған байланысты министрлік тек ресми ақпарат көздеріне сеніп, тексерілмеген мәліметтерді таратпауға үндеді.
Токаев посетил выставку оборонной промышленности Сербии - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.05.2025
Қазақстан өңірлерінде әскери техника жүріп өтеді: министрлік ескерту жасады
Жаңалықтар
0