АСТАНА, 9 қаңтар – Sputnik. Ұлттық қауіпсіздік комитеті былтыр полициямен бірлесіп, іздеуде жүрген 70-тен астам күдіктіні ұстады.
Комитеттің мәліметінше, 20-дан астам ұйымдасқан қылмыстық топ құрықталған.
"Кісі өлтірді, бопсалады, есірткі мен қаруды заңсыз сақтады деген күдікпен 70-тен астам адам, соның ішінде қазақстандық және шетелдік құқық қорғау органдарымен ізделудегілер ұсталды", - деп жазды комитетте.
Тергеу барысында 30 бірлік атыс және 11 жарақат қаруы, сондай-ақ ақшалай қаражат тәркіленді.
Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр.