АЛМАТЫ, 9 қаңтар – Sputnik. Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданының Көшім ауылында екі адам өртеніп кетті, деп хабарлайды облыстық төтенше жағдайлар департаменті.
Қайғылы жағдай 7 қаңтар сағат 20:11-де болған.
"5 шаршы метр аумақ өртенген. Өрт сөндірушілер мен полиция екі адамның мәйітін алып шықты", - дейді құтқарушылар.
Марқұмның бірі әйел, екіншісі ер адам. Олардың кім екені анықталып жатыр, дейді төтенше жағдай мамандары.
Қазіргі уақытта өрттің себебі анықталуда. Өрт-техникалық сараптама жасалады.