Батыс Қазақстанда тұрғын үйде екі адам өртеніп кетті

© Sputnik / Алексей ПетровПожар в частном строении
Пожар в частном строении - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.01.2026
Жазылу
Олардың кім екені анықталып жатыр
АЛМАТЫ, 9 қаңтар – Sputnik. Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданының Көшім ауылында екі адам өртеніп кетті, деп хабарлайды облыстық төтенше жағдайлар департаменті.
Қайғылы жағдай 7 қаңтар сағат 20:11-де болған.
"5 шаршы метр аумақ өртенген. Өрт сөндірушілер мен полиция екі адамның мәйітін алып шықты", - дейді құтқарушылар.
Марқұмның бірі әйел, екіншісі ер адам. Олардың кім екені анықталып жатыр, дейді төтенше жағдай мамандары.
Қазіргі уақытта өрттің себебі анықталуда. Өрт-техникалық сараптама жасалады.
Қарағандыда өрттен бір адам қаза тапты  - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.01.2026
Қарағандыда тұрғын үйден өрт шығып, бір адам қаза тапты
Жаңалықтар
0