АЛМАТЫ, 8 қаңтар – Sputnik. Алматыда мешіттерде ұрлық жасаған ер адам ұсталды, деп хабарлайды қалалық полиция.
Күдікті жамағаттан ұялы телефондар, әмияндар және өзге де жеке заттарды жасырын түрде ұрлағаны анықталды.
"Намаз уақытын пайдаланып, адамдардың бейқамдығын аңдып, қылмысты жасырын жүзеге асырған. Қазіргі таңда күдіктінің қылмыстық әрекетінің бірнеше эпизоды дәлелденді", - дейді полиция.
Оның осыған ұқсас басқа да ұрлықтарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.