Шығыс Қазақстанда мешітте ұрлық жасаған әйел видеоға түсіп қалды

© Sputnik / Санат ИмангалиевПраздничный Айт-намаз прошел в Астане
Праздничный Айт-намаз прошел в Астане - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.12.2025
Жазылу
Барлық жағдайда күдікті бірдей тәсілмен әрекет еткен
АЛМАТЫ, 26 желтоқсан – Sputnik. Шығыс Қазақстанда мешіттерде ұрлық жасайтын әйел ұсталды, деп хабарлайды облыстық полиция департаменті.
"102" арнасына облыс орталығындағы мешіттердің бірінен құны 400 мың теңге тұратын "Asus" ноутбугінің жоғалғаны туралы хабарлама түсті.
"Жедел іздестіру іс-шаралары барысында тұрғылықты жері жоқ 37 жастағы күдікті ұсталды. Сонымен қатар оның басқа бір мешітте жасалған осындай қылмысқа қатысы бар екені анықталды", - дейді полиция.
Барлық жағдайда күдікті бірдей тәсілмен әрекет еткен: тегін тамақ алу сылтауымен мешітке кіріп, қызметтік бөлмелерден ұрлық жасаған. Кейіннен ноутбуктердің бірін сатып, түскен қаражатты жеке қажеттілігіне жұмсаған.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасып жатыр.
Жаңалықтар
0