Талдықорғандық полицейлер балаларды ажалдан аман алып қалды

Sputnik
АЛМАТЫ, 7 желтоқсан – Sputnik. Талдықорғанда полицейлер түтінге толы пәтерден балаларды құтқарды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Қаратал шағын ауданындағы бес қабатты тұрғын үйден өрт шықты. Оқиға орнына патрульдік полиция ротасының үш экипажы жедел жетіп, аула мен подъездегі қауіпсіздікті қамтамасыз етті.
"ТЖД-қызметкерлерімен бірлесіп, тұрғындарды эвакуациялау жұмыстары ұйымдастырылды. Эвакуация кезінде патрульдік полиция қызметкерлері Нұрбек Төлебеков пен Нұрғиса Акматов бесінші қабатта қою түтін ішінде адамдар қалғанын байқап, дереу жоғары көтерілген", - дейді полиция.
Олар түтінге толы пәтерден ер адам мен балалардың барын анықтаған. Оларды көтеріп алып, отбасын қауіпсіз жерге алып шыққан. Зардап шеккендер жедел жәрдем бригадасына тапсырылды.
Мұз құрсауында қалған балықшыны полицей құтқарды