Қарағанды облысында республикалық маңызы бар жолдардың төрт учаскесі жабылды

Sputnik
АСТАНА, 6 қаңтар – Sputnik. Қарағанды облысында ауа райының нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар автожолдардың төрт учаскесінде барлық автокөлік үшін қозғалыс жабылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Облыстық төтенше жағдайлар департаменті таратқан мәліметке сәйкес, шектеу шаралары бүгін сағат 16:00-ден бастап енгізіліп отыр.
"Астана – Қарағанды – Алматы" автожолының 92–164 шақырымы (Ақмола облысының шекарасы – Теміртау қ. ААП)
"Астана – Қабанбай батыр – Нұра – Теміртау" автожолының 51–101 шақырым (Ақмола облысының шекарасы – Нұра кенті);
"Қызылорда – Жезқазған – Қарағанды – Шидерты" автожолының 1067–1135 шақырым (Жастар кенті – Павлодар облысының шекарасы);
"Қалқаман – Баянауыл – Ұмыткер – Ботақара" автожолының 324–231 шақырым (Ботақара кенті – Павлодар облысының шекарасы).
Осы орайда құтқарушылар ауа райы мен шектеулер туралы ресми ақпаратты қадағалау қажеттігін ескертті. Ал елді мекендерден тыс жерге жолға шықпаған дұрыс.
Астана әуежайында 12 рейс кешіктіріліп жатыр