https://sputnik.kz/20260106/astana-auezhayynda-12-reys-keshiktirilip-zhatyr-60188025.html
Астана әуежайында 12 рейс кешіктіріліп жатыр
Астана әуежайында 12 рейс кешіктіріліп жатыр
Sputnik Қазақстан
Бір рейс тоқтатылды 06.01.2026, Sputnik Қазақстан
2026-01-06T15:23+0500
2026-01-06T15:23+0500
2026-01-06T15:23+0500
астана
әуежай
астана әуежайы
рейстер
рейстердің кешігуі
https://sputnik.kz/img/07ea/01/06/60182598_0:509:2098:1689_1920x0_80_0_0_9b6ad7b1ed445987d8728a086cb6d9d5.jpg
АСТАНА, 6 қаңтар – Sputnik. Ауа райының қолайсыздығына байланысты Астана әуежайында 12 рейс кешіктіріліп жатыр, деп хабарлайды әуежайдың баспасөз қызметі.Жеті әуе рейсі ұшу уақытынан кешіктірілді, тағы бес рейс кешіктіріледі, дейді ведомство.Кешігу себептері:Жалпы, Астана халықаралық әуежайы штаттық режимде жұмыс істейді. Әуе кемелерін қабылдау, шығару, перронды тазалау және әуеайлақ инфрақұрылымын күтіп ұстау бойынша жұмыстар үздіксіз режимде жүргізілуде, деп атап өтті әуежай әкімшілігі.Жолаушыларға әуе компанияларындағы рейстер туралы өзекті ақпаратты нақтылау ұсынылды.Сонымен қатар Астана ТЖД қала тұрғындарына ескерту жасады."Қазгидромет" РМК мәліметінше, 6 қаңтарда Астанада қар жауып, боран соғады, күндіз көктайғақ болады.Құтқарушылар ғимараттардан асықпай шығуға, электр желілерінің астында тұрмауға және балаларды қараусыз қалдырмауға кеңес берді.
астана
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/01/06/60182598_0:138:2091:1706_1920x0_80_0_0_9b258720d0a30a640adcf9137e569600.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
астана, әуежай, астана әуежайы, рейстер, рейстердің кешігуі
астана, әуежай, астана әуежайы, рейстер, рейстердің кешігуі
АСТАНА, 6 қаңтар – Sputnik. Ауа райының қолайсыздығына байланысты Астана әуежайында 12 рейс кешіктіріліп жатыр, деп хабарлайды әуежайдың баспасөз қызметі.
Жеті әуе рейсі ұшу уақытынан кешіктірілді, тағы бес рейс кешіктіріледі, дейді ведомство.
Шымкент және Қостанай бағыты - әуежайлардағы қолайсыз метеожағдай;
Қызылорда, Алматы және Камран рейстері – әуе кемесінің кеш келуі.
Түркістаннан ұшып келетін рейс тоқтатылды.
"Ұшудың кешігуі мен тоқтатылуының себептерін әуежайлар мен әуе компаниялары анықтайды. Астана әуежайы тарапынан шектеулер жоқ. Әуеайлақ пен терминалдар тұрақты жұмыс істеп тұр", - деп хабарлады әуежай.
Жалпы, Астана халықаралық әуежайы штаттық режимде жұмыс істейді. Әуе кемелерін қабылдау, шығару, перронды тазалау және әуеайлақ инфрақұрылымын күтіп ұстау бойынша жұмыстар үздіксіз режимде жүргізілуде, деп атап өтті әуежай әкімшілігі.
Жолаушыларға әуе компанияларындағы рейстер туралы өзекті ақпаратты нақтылау ұсынылды.
Сонымен қатар Астана ТЖД қала тұрғындарына ескерту жасады.
"Қазгидромет" РМК мәліметінше, 6 қаңтарда Астанада қар жауып, боран соғады, күндіз көктайғақ болады.
"Оңтүстік-батыстан секундына 15-20 м жылдамдықпен боран соғады, кей жерлерде екпіні 23 м/с жетеді. Осыған байланысты Астана қаласының ТЖД азаматтарға қатты жел кезінде жарақат алмау үшін қауіпсіздік шараларын сақтауды ескертті", - делінген хабарламада.
Құтқарушылар ғимараттардан асықпай шығуға, электр желілерінің астында тұрмауға және балаларды қараусыз қалдырмауға кеңес берді.