АСТАНА, 6 қаңтар – Sputnik. Атырау облысы аумағында хабар-ошарсыз кеткен ерлі-зайыптының мәйіті табылды, деп хабарлады облыстық полиция департаменті.
"Аталған факті бойынша адам өлтіру белгілерімен қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілердің кім екені анықталды. Қазіргі таңда оларды іздеу және ұстау мақсатында құқық қорғау органдары тиісті жедел іздестіру іс-шараларын жүргізуде", - деп жазылған хабарламада.
Қазіргі уақытта тағы екі жоғалған адамның қайда екенін анықтау бойынша іздестіру шаралары жалғасып жатыр.
Полиция әлеуметтік желі қолданушыларын тек ресми дереккөздеріне сүйенуге және расталмаған әрі жалған мәліметтерді таратудан бас тартуға шақырды.
Тергеу мүддесіне байланысты қазіргі таңда өзге ақпарат жария етілмейді.
Еске сала кетейік, Атырау облысында 4 адамның жоғалуына байланысты қылмыстық іс қозғалған болатын.