https://sputnik.kz/20260105/atyrauda-bir-uydin-4-adamy-zhogalyp-ketti-qylmystyq-is-qozgaldy-60160385.html
Атырауда бір үйдің 4 адамы жоғалып кетті: қылмыстық іс қозғалды
Атырауда бір үйдің 4 адамы жоғалып кетті: қылмыстық іс қозғалды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 5 қаңтар – Sputnik. Атырау облысында 4 адамның жоғалуына байланысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы полиция департаменті бастығының бірінші... 05.01.2026, Sputnik Қазақстан
2026-01-05T21:22+0500
2026-01-05T21:22+0500
2026-01-05T21:22+0500
атырау
атырау облысы
полиция
із-түзсіз жоғалу
https://sputnik.kz/img/07e5/02/12/16321241_1:0:3000:1687_1920x0_80_0_0_73fb10b998868e500e404432aab4362c.jpg
АСТАНА, 5 қаңтар – Sputnik. Атырау облысында 4 адамның жоғалуына байланысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Құттыбай Садықов айтты.Оның мәліметінше 25 желтоқсан күні төрт адамның жоғалғаны туралы ақпарат түскен сәттен бастап, кешенді іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр.Тергеу аясында барлық медициналық мекеме, оның ішінде жекеменшік клиникалар да тексеріліп жатыр. Сонымен қатар жоғалған адамдардың ұялы телефондарынан сигналдар Қазақстан аумағында бірнеше рет тіркеліп, қосылып-сөндірілгені анықталды, соңғы тіркелген дерек Шымкент қаласында болған. Іздестіру жұмыстарын үйлестіру мақсатында арнайы жедел-тергеу тобы құрылып, оған Ішкі істер министрлігінің мамандары да жұмылдырылды.Сонымен қатар қазіргі уақытта аталған отбасының кіші қызы мен күйеу баласының шет мемлекетте жүргені анықталды. Алайда туыстары олардың жоғалуына байланысты арыз түсірмеген. Соған қарамастан, құқық қорғау органдары тексеру жұмыстарын бастады.
https://sputnik.kz/20260105/5-balasyn-qaldyryp-ketken-politsiya-zhogalgan-otbasyga-qatysty-tyn-aqparat-taratty-60155728.html
атырау
атырау облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/02/12/16321241_376:0:2625:1687_1920x0_80_0_0_348af5235038c3423e97f6d53745b5f5.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
атырау, атырау облысы, полиция, із-түзсіз жоғалу
атырау, атырау облысы, полиция, із-түзсіз жоғалу
Атырауда бір үйдің 4 адамы жоғалып кетті: қылмыстық іс қозғалды
АСТАНА, 5 қаңтар – Sputnik. Атырау облысында 4 адамның жоғалуына байланысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Құттыбай Садықов айтты.
Оның мәліметінше 25 желтоқсан күні төрт адамның жоғалғаны туралы ақпарат түскен сәттен бастап, кешенді іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр.
"Аталған дерек бойынша қылмыстық іс тіркелді. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, екі немесе одан да көп адамның жоғалуы адам өлтіру бабы бойынша сараланады. Осыған байланысты қазіргі уақытта жоғалған отбасының орналасқан жерін анықтау және оларды табу мақсатында барлық қажетті жедел-іздестіру және тергеу іс-шаралары жүзеге асырылуда", - дейді Садықов.
Тергеу аясында барлық медициналық мекеме, оның ішінде жекеменшік клиникалар да тексеріліп жатыр. Сонымен қатар жоғалған адамдардың ұялы телефондарынан сигналдар Қазақстан аумағында бірнеше рет тіркеліп, қосылып-сөндірілгені анықталды, соңғы тіркелген дерек Шымкент қаласында болған. Іздестіру жұмыстарын үйлестіру мақсатында арнайы жедел-тергеу тобы құрылып, оған Ішкі істер министрлігінің мамандары да жұмылдырылды.
Сонымен қатар қазіргі уақытта аталған отбасының кіші қызы мен күйеу баласының шет мемлекетте жүргені анықталды. Алайда туыстары олардың жоғалуына байланысты арыз түсірмеген. Соған қарамастан, құқық қорғау органдары тексеру жұмыстарын бастады.