Ауа райы нашарлады: қай облыстарда көлік қозғалысына шектеу қойылды

Жолдарды 6 қаңтар сағат 07:00-де ашу жоспарланған
Sputnik
АЛМАТЫ, 5 желтоқсан – Sputnik. Ауа райының нашарлауына байланысты бірнеше облыста көлік қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды "ҚазАвтоЖол".
5 қаңтар сағат 17:00-де ауа райының бұзылуына байланысты келесі республикалық маңызы бар автожолдарда жүк және қоғамдық көлік түрлерінің қозғалысына шектеу енгізіледі.
Батыс Қазақстан облысы:
"Ақтөбе – Орал – РФ шекарасы" автожолының 393-526 шақырым аралығы, Жымпиты ауылынан Ақтөбе облысының шекарасына дейін.
Ақтөбе облысы:
"Ақтөбе – Орал – РФ шекарасы" автожолының 526-702 шақырым аралығы. Батыс Қазақстан облысының шекарасынан Маржанбұлақ ауылына дейін.
Жолдарды 6 қаңтар сағат 07:00-де ашу жоспарланған.
Қаңтар жылы болады – синоптиктер