Алматы облысында мал азығын өндіретін зауыт салынады

Жобаның жалпы құны - 88 млрд теңге
Sputnik
АСТАНА, 2 қаңтар – Sputnik. Премьер-министр Олжас Бектенов Алматы облысында жем өндіретін зауыт салуға қатысты қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Жобаны жалпы құны - 88 млрд теңге.
"Mars Petcare Kazakhstan" компаниясы оны Қонаев қаласында салады.
"Жаңа нысанды 2030 жылдың 31 желтоқсанына дейін пайдалануға беру жоспарланған. Ал жұмыс 2031 жылдың 1 қаңтарынан басталады. Зауытта 200 жұмыс орны ашылады, оның кемінде 85%-ы қазақстандықтар үлесіне тиесілі", - делінген ресми хабарламада.
Зауытта жылына 100 мың тонна өнім шығарылады деген жоспар бар.
Түркістан облысында егіс алқабын жасанды интеллект бақылайтын зауыт ашылды