АСТАНА, 1 қаңтар — Sputnik. "Қазгидромет" 2026 жылдың қаңтар айында Қазақстанда ауа райы қандай болатынын хабарлады.
Жалпы алғанда, қаңтар айы жылы болады деп болжанып отыр: республика аумағында ауаның орташа айлық температурасы климаттық нормадан 1–2 °C жоғары болады.
Елдің басым бөлігінде жауын-шашын мөлшері нормаға жуықтайды. Қар жауып, жел күшеюі мүмкін. Боран, тұман мен көктайғақ кезеңі ашық әрі аязды күндермен алмасып отырады.
"Елдің батыс өңірлерінде бірінші онкүндіктің басында түнде ауа температурасы −10…−18 °C-қа дейін төмендеп, күндіз −5…−12 °C болады", — деп хабарлады синоптиктер.
Ал Қазақстанның солтүстік-батыс, солтүстік және орталық өңірлерінде ауа температурасы:
түнде −10…−20 °C-тан −3…−8 °C-қа дейін,
күндіз −2…−12 °C-тан −5…+3 °C-қа дейін құбылады.
"Шығыс өңірлерде түнгі температура −2…−13 °C-тан −10…−18 °C-қа дейін, күндіз −6…+2 °C-тан −2…−10 °C-қа дейін болады. Оңтүстік-батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде түнгі температура −2…−12 °C-тан −5…+5 °C-қа дейін өзгерсе, күндіз −3…+8 °C-тан +5…+10 °C-қа дейін көтеріледі, ал елдің қиыр оңтүстігінде +15 °C-қа дейін жетуі мүмкін", — деп мәлімдеді "Қазгидромет".
Айдың екінші және үшінші онкүндіктерінде суық толқындардың әсерінен солтүстік, солтүстік-батыс, шығыс және орталық өңірлерде ауа температурасы:
түнде −25…−35 °C-қа дейін,
күндіз −15…−20 °C-қа дейін төмендеуі мүмкін.
Қаңтардың ең жылы күндерінде ауа температурасы −5…+3 °C-қа дейін көтеріледі.
"Батыс өңірлерде суық толқындар кезінде түнгі температура −20…−27 °C-қа дейін, күндіз −12…−19 °C-қа дейін төмендейді. Айдың кейбір күндерінде күндізгі температура 0…+5 °C-қа дейін көтеріліп, жылымық болуы мүмкін", — деп жазылған хабарламада.
Оңтүстікте күндіз ауа температурасы +2…+12 °C-тан −3…−13 °C-қа дейін, ал түнде 0…−5 °C-тан −10…−20 °C-қа дейін құбылады. Үшінші онкүндіктің кей күндерінде түнде −20…−30 °C-қа, күндіз −10…−18 °C-қа дейін суытуы мүмкін.