АСТАНА, 31 желтоқсан - Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына Жаңа жылға орай құттықтау жеделхаттары келіп түсті, деп хабарлады Ақорда.
Құттықтауды шет мемлекеттердің басшылары мен халықаралық ұйымдардың жетекшілері жолдаған.
Қасым-Жомарт Тоқаевты Ресей президенті Владимир Путин, ҚХР төрағасы Си Цзиньпин, Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев, Қырғызстан президенті Садыр Жапаров және тағы басқа бірқатар шет мемлекеттің басшысы, сондай-ақ халықаралық және өңірлік ұйым жетекшілері, бұрынғы мемлекет және үкімет басшылары, шетелдік көрнекті мемлекет қайраткерлері, шетелдік ірі компаниялар мен қаржы институттарының жетекшілері, дипломатиялық миссия өкілдері және басқа да ресми тұлғалар құттықтады.