Тоқаевты мемлекет басшылары Жаңа жылмен құттықтады

© Sputnik / Абзал КалиевОбстановка в Нур-Султане вечером, 5 января 2022 года. Введен комендантский час. Здание Акорды
Обстановка в Нур-Султане вечером, 5 января 2022 года. Введен комендантский час. Здание Акорды - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.12.2025
Жазылу
Құттықтауды шет мемлекеттердің басшылары мен халықаралық ұйымдардың жетекшілері жолдаған
АСТАНА, 31 желтоқсан - Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына Жаңа жылға орай құттықтау жеделхаттары келіп түсті, деп хабарлады Ақорда.
Құттықтауды шет мемлекеттердің басшылары мен халықаралық ұйымдардың жетекшілері жолдаған.
Қасым-Жомарт Тоқаевты Ресей президенті Владимир Путин, ҚХР төрағасы Си Цзиньпин, Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев, Қырғызстан президенті Садыр Жапаров және тағы басқа бірқатар шет мемлекеттің басшысы, сондай-ақ халықаралық және өңірлік ұйым жетекшілері, бұрынғы мемлекет және үкімет басшылары, шетелдік көрнекті мемлекет қайраткерлері, шетелдік ірі компаниялар мен қаржы институттарының жетекшілері, дипломатиялық миссия өкілдері және басқа да ресми тұлғалар құттықтады.
Главы ЕАЭС и первый президент Казахстана - Елбасы Нурсултан Назарбаев перед заседанием ВЕЭС - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.12.2025
Путин Тоқаев пен Назарбаевты Жаңа жылмен құттықтады
Жаңалықтар
0