Астанада ер адам аялдама әйнегін сындырғаны үшін қамауға алынды

Ол мас күйде аялдама павильонының беріктігін тексеріп көрмек болған
Sputnik
АСТАНА, 31 желтоқсан – Sputnik. Астанада ер адам мас күйде аялдамадағы әйнекті теуіп сындырған.
Оқиға Кенесары көшесінде кешкі уақытта болған.
Белгісіз адам автобус аялдамасының әйнегін теуіп сындырып, оқиға орнынан бой тасалаған.
Полиция мәліметінше, ол мас күйде аялдама павильонының беріктігін тексеріп көрмек болған.
33 жастағы елордалық орынсыз әрекеті үшін 20 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.
Пойызда мас күйде болған шетелдік қамауға алынды