https://sputnik.kz/20251210/poyyzda-mas-kuyde-bolgan-sheteldik-qamauga-alyndy-59479883.html
Пойызда мас күйде болған шетелдік қамауға алынды
Пойызда мас күйде болған шетелдік қамауға алынды
Sputnik Қазақстан
Жолаушы өзін дөрекі ұстап, балағат сөздер айтып, полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынудан бас тартқан 10.12.2025, Sputnik Қазақстан
2025-12-10T11:17+0500
2025-12-10T11:17+0500
2025-12-10T11:23+0500
пойыз
шетелдік
мас
https://sputnik.kz/img/07e9/0b/11/58831681_0:0:1200:675_1920x0_80_0_0_6f4607e3ba8c6b7c651a40cf6e8484e3.jpg
АСТАНА, 10 желтоқсан – Sputnik. "Маңғыстау–Алматы" пойызында мас күйде болған шетелдік қамауға алынды, деп хабарлайды көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі.Алкогольдік мас күйде болған шетелдік полицияға бағынбаған.Құқық бұзушы акті бойынша пойыздан түсірілген. Алкогольдік ішімдіктер ішу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу, ұсақ бұзақылық, сондай-ақ құқық қорғау органдары қызметкерінің заңды өкіміне немесе талабына бағынбау бойынша жауапкершілікке тартылды.Сот шешімімен шетел азаматына 5 тәулікке қамау түріндегі жаза тағайындады.Жалпы биыл 11 айда жолаушылар пойыздарында түрлі әкімшілік құқықбұзушылық жасаған 669 адамды анықталды. Оның ішінде 630 адам – қоғамдық орындарға мас күйінде келген, 17 адам – ұсақ бұзақылық жасаған.
https://sputnik.kz/20251105/taldyqorganda-politsiya-qyzmetkeri-mas-kuyde-kolik-basqaryp-zhol-apatyna-tusti-58475652.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/0b/11/58831681_150:0:1050:675_1920x0_80_0_0_a071106a4b0cbf4d2bd5afdfa5398f99.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
пойыз, шетелдік, мас
Пойызда мас күйде болған шетелдік қамауға алынды
11:17 10.12.2025 (жаңартылды: 11:23 10.12.2025) Жолаушы өзін дөрекі ұстап, балағат сөздер айтып, полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынудан бас тартқан
АСТАНА, 10 желтоқсан – Sputnik. "Маңғыстау–Алматы" пойызында мас күйде болған шетелдік қамауға алынды, деп хабарлайды көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Алкогольдік мас күйде болған шетелдік полицияға бағынбаған.
"Көлік сақшылары мас күйде жүрген 30 жастағы Әзербайжан Республикасының азаматын анықтап, ұстады. Жолаушы өзін дөрекі ұстап, балағат сөздер айтып, полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынудан бас тартқан", - дейді ведомстводағылар.
Құқық бұзушы акті бойынша пойыздан түсірілген. Алкогольдік ішімдіктер ішу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу, ұсақ бұзақылық, сондай-ақ құқық қорғау органдары қызметкерінің заңды өкіміне немесе талабына бағынбау бойынша жауапкершілікке тартылды.
Сот шешімімен шетел азаматына 5 тәулікке қамау түріндегі жаза тағайындады.
Жалпы биыл 11 айда жолаушылар пойыздарында түрлі әкімшілік құқықбұзушылық жасаған 669 адамды анықталды. Оның ішінде 630 адам – қоғамдық орындарға мас күйінде келген, 17 адам – ұсақ бұзақылық жасаған.