5 қаңтардан бастап елде қасқыр мен шибөріні аулауға рұқсат етіледі

Ақмола, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар және Ұлытау облыстарында рұқсат үй жануарларына шабуыл жасалған жағдайлар тіркелгенде ғана беріледі
Sputnik
АСТАНА, 31 желтоқсан – Sputnik. Экология және табиғи ресурстар министрлігі ел аумағында қасқыр мен шибөріні аулаудың рұқсат етілген көлемі айқындалған биологиялық негіздеменің әзірленгенін хабарлады.
Министрлік хабарлауынша, 2026 жылдың 5 қаңтарынан бастап сағат 10:00-ден бастап санын реттеуге жататын жануарларды (қасқыр, шибөрі) аулауға рұқсат алу мүмкіндігі қолжетімді болады.

"Биологиялық негіздемеге сәйкес жануарлар санын реттеу мерзімі 2026 жылғы 31 желтоқсанға дейін бекітілген", - деп жазылған хабарламада.

Ақмола, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар және Ұлытау облыстарында рұқсат үй жануарларына шабуыл жасалған жағдайлар тіркелгенде ғана беріледі.
Жануарлар санын реттеуге рұқсат алу қызметі толығымен автоматтандырылып, www.elicense.kz веб-порталында көрсетіледі.
Киік санын 20 процентке азайту жоспарланып отыр – министр