https://sputnik.kz/20250625/kiik-sanyn-20-protsentke-azaytu-zhosparlanyp-otyr--ministr-55094239.html
Киік санын 20 процентке азайту жоспарланып отыр – министр
Киік санын 20 процентке азайту жоспарланып отыр – министр
Sputnik Қазақстан
Киік етін өңдеу үшін бөлек ет комбинаты салынуы мүмкін 25.06.2025, Sputnik Қазақстан
2025-06-25T15:22+0500
2025-06-25T15:22+0500
2025-06-25T15:22+0500
киік
заңсыз киік аулау
қытай
https://sputnik.kz/img/07e7/05/17/35188721_0:79:1000:642_1920x0_80_0_0_d35e4d2490d4ea15f3cee4dca5d65bb5.jpg
АСТАНА, 25 маусым – Sputnik. Қазақстанда киік санын реттеу мақсатында бұл жануардың популяциясын 800 мың басқа азайту қарастырылып жатыр. Бұл туралы экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Министрдің айтуынша, өткен аптада ғалымдар осы мәселені зерделеуді аяқтады. Соңғы шешім жақын күндері қабылданады.Ғалымдар популяциядан алынатын киік жасын да анықтады."40 проценті – аталық, 40 проценті – ұрғашы, 20 проценті – биыл туғандар. Біз ғылыми негіздемені алдық. Бүгінде ұйымдастыру жұмыстарына кірістік. Бір-екі күнде өз шешімімізді жариялаймыз", - деп атап өтті министр.Министрдің сөзіне қарағанда, киік етін өңдеу үшін бөлек ет комбинаты салынуы мүмкін.Айта кетері, Қазақстан 1 500 киікті Қытайға сыйға тартады. Көрші елде киік популяциясын қалпына келтіру үшін олар Қытайдың батысына жіберіледі.
https://sputnik.kz/20250617/54760068.html
қытай
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/05/17/35188721_57:0:945:666_1920x0_80_0_0_bbb06e892b1403b5e1ea67d27f664c24.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
киік, заңсыз киік аулау, қытай
киік, заңсыз киік аулау, қытай
Киік санын 20 процентке азайту жоспарланып отыр – министр
Киік етін өңдеу үшін бөлек ет комбинаты салынуы мүмкін
АСТАНА, 25 маусым – Sputnik. Қазақстанда киік санын реттеу мақсатында бұл жануардың популяциясын 800 мың басқа азайту қарастырылып жатыр. Бұл туралы экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Министрдің айтуынша, өткен аптада ғалымдар осы мәселені зерделеуді аяқтады. Соңғы шешім жақын күндері қабылданады.
"Бүгінде барлық популяциядан 20 процент алу ұсынылып отыр. Көктемгі есепке сәйкес, Қазақстандағы киік саны 3,9 млн басты құрайды. Нақтысы – 3 млн 978 мың бас, шамамен 4 млн деп ала береміз. Демек, популяциядан орташа есеппен 800 мың бас алынады", - деді Нысанбаев үкіметте өткен брифинге.
Ғалымдар популяциядан алынатын киік жасын да анықтады.
"40 проценті – аталық, 40 проценті – ұрғашы, 20 проценті – биыл туғандар. Біз ғылыми негіздемені алдық. Бүгінде ұйымдастыру жұмыстарына кірістік. Бір-екі күнде өз шешімімізді жариялаймыз", - деп атап өтті министр.
Министрдің сөзіне қарағанда, киік етін өңдеу үшін бөлек ет комбинаты салынуы мүмкін.
"Өңдеу мәселесі маңызды. Себебі популяциядан алынатын киік саны көп. Қазіргі кезде біз киік етін өңдейтін ет комбинаттарын құру бойынша инвестициялық жобаларды пысықтап жатырмыз. Алты компания тарапынан қызығушылық бар", - деді Нысанбаев.
Айта кетері, Қазақстан 1 500 киікті Қытайға
сыйға тартады. Көрші елде киік популяциясын қалпына келтіру үшін олар Қытайдың батысына жіберіледі.